Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұшақтан түсе сала балалар үйіне барған": Cексуалды құлдық бойынша айыпталған P. Diddy-дің 2011 жылы Қазақстанға келгені белгілі болды

TikTok желісінде үлкен айыптаулармен тұтқындалып, жұрттың жағасын ұстатқан рэпер P. Diddy-дің Қазақстанға сапары туралы видео тарады. Деректерге сүйенсек, ол ұшақтан түсе сала Алматыдағы №2 Балалар үйіне барған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: желі кадрларынан скрин бильд-редактор: Денис Андреев

P. Diddy лақап атымен танылған, рэпер және продюсер Шон Комбспен бопсалау, адам саудасы және сексуалды құлдыққа салу айыптары бойынша қамауға алынды. Осы елді дүр сілкіндірген жаңалықтан соң оның 2011 жылдары Қазақстанға келген мұрағаттық видеолары пайда болады.

Мұнда ұшақтан түсе сала репер бірден №2 Балалар үйіне барған. Комбс балаларды Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оларға сыйлықтар музыкалық апарат, теледидар, караоке, өзінің CD-дискілері мен Sean John жеке брендінің 75 кепкасын сыйға тартқан.

P. Diddy оқушылармен суретке түсіп, олардың концертін тамашалаған.

“Әлемдегі ең ықпалды рэпер Шон Комбс алғаш рет Қазақстанға келіп, бірден балаларға барды. Тыңдағанда агрессивті көрінетін рэпер өте қарапайым әрі ұқыпты адам болып шықты. Ол барлық тілек білдірушілермен суретке түсіп, қолтаңбасын берді. Балалар құдды Puff Daddy арнайы жеке концерт бергендей қуанды”, – делінген видео жазбаларында.

Сол кезде продюсер мұндай сапарлармен жиі жүрмейтінін, ал Қазақстанға достарының шақыруы бойынша келгенін айтқан.

"Әрине, мен өз концерттеріммен жиі ұшамын, бірақ бүгін ерекше оқиға. Балалар біздің болашақ, сондықтан мен оларды мерекемен құттықтау үшін балалар үйіне бардым", - дейді P. Diddy.

Алайда қазір бұл видео жұртшылыққа мүлде басқаша әсер етуді. Көпшілік сол кезде балалар үйінде болған қазақстандық тәрбиеленушілердің тағдырына алаңдады. 

“Ол келгеннен кейін бұл балалар Қазақстанда қалды ма екен?”, “Ол мұнда неге келген?”, “Осыдан соң қанша бала жоғалды екен?”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Еске салсақ, Рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынып, Голливудта үлкен шу шыққан еді.

@tem.rlan P.Diddy в Казахстане 2011 #pdiddy #sheknows ♬ оригинальный звук - Temirlan
Талқылау