Билетсіз азамат ұшақ шассиіне мінгесіп, 2,5 сағат бойы ұшқан
Майами әуежайында АҚШ-қа заңсыз жолмен келген азамат ұсталды. Ол Гватемаладан ұшақ шассиіне жасырынып, ұшып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

26 жастағы ер адамды шекара қызметі ұстаған. Басылымның хабарлауынша, АҚШ-қа заңсыз келген азаматты денсаулығын тексеру үшін ауруханаға жіберген. Ол екі жарым сағат ұшақ шассиінде болған. Әзірге қал-жағдайы жайлы ақпарат жоқ.
17 тамызда америкалық әскерилер Ауғанстаннан адамдарды шығару үшін қолданылған ұшақ шассиінен адам денесін тапқан еді. Марқұм елден шығу үшін өзін ұшаққа байлаған болуы мүмкін.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі