Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұрсып жауап берді": Рэпер Yenlikтің сұрағына Тоқаевтың ашуланып қалғаны рас па?

Танымал рэпер Yenlik президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен жолыққан сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/yenleak/

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Наурыз мерекесі қарсаңында елімізге белгілі отандық шоу-бизнес өкілдері және блогерлермен кездескен еді. 

“Осы жылы президентпен кездестік. Бір ғана сұрақ қоюға мүмкіндік болды. “Шетелдік өнер университеттерінің кейбір факультеттері неге елімізде ашылмай жатыр?! Бір бөлімі елімізде болғанда күшті болар еді. Мысалы, New York Film Academy-де оқуға кез келген өнер адамының мүмкіндігі бола бермейді” дедім. Ол кісі ұрсып, ашуланып жауап бергендей болды. Бірақ жүзінен күлкі де байқадым. “Егер шетелге шықпасаң, қалай сенің көзің ашылады. Адам ізденіп, еңбектену керек. Сол жаққа қарай ұмтылу керек” деді. Сол кезде саясатты түсінбейтінімді білдім”, – деді рэпер. 



Сондай-ақ мәдениет министрі болуға қатысты да пікір білдірді. 

“Маған басшылық қызметте жүру немесе беделді партияда болу маңызды емес. Қарапайым адам болып та, көп дүниені жасауға болады. Адамның жасаған пайдалы іс-әрекеті басшылық қызметке қарамаса керек. Мектептегі мұғалім болып та, өте күшті адамды тәрбиелей аласың. 45 минут бойы берген білімің оқушыңға оразан зор болашағына пайда әкелуі мүмкін. Сондықтан үлкен іс тындырғым келеді, бірақ ол үшін маған жақсы қызмет керек деп ойлау – қате”, – деп ойын бөлісті Yenlik.

Еске салайық, Yenlik Динара Сәтжанның жалған ақпарат таратқанын айтқан еді. 

Талқылау