"Ұршық иіріп, мәсі киіп отырған кемпір-шал елестейтін": Ләйлә Сұлтанқызы қарттық кезеңге қатысты ойын бөлісті
Танымал журналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы қарттық кезеңге қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/photos381445575
Медиа маманы өз шаңырағында жақын туыстарының басын қосып, қарттық жайлы сөз қозғады.
“Қалай болар екен?! Баяғыда 60 жасар кісілер үлкен ата-әже сияқты көрінетін. Қазір қарап тұрсаң, 10-15 жылда өзіміз де сол жасқа келеді екенбіз. Кемпір-шал десе, ұршық иіріп, тоқыма тоқып, шайға нан батырып жеп, немере бағып, күбі пісіп, мәсі мен галош кигендер елестейтін. Өзімнің қартайған шағымды елестете де алмаймын. Қазір қалада тұратын үлкендерге жақсы. Бос уақытында театр, кино, концертке барады, дүкен аралайды. Ал ауылдағылар ше?! Сол кісілердің қалауын, арманын тыңдап, орындап жүргендер бар ма деп ойлап қоям”, – деп жазды журналист.
Еске салайық, Біріккен Ұлттар ұйымы 10 жылдан кейін әлемде 80 жастан асқан қарттар саны бір жасқа дейінгі сәбилерден көп болады деген болжам жасады. Ал 2070 жылдардың соңына қарай 65 жастан асқандар саны балалар санынан асып түседі. Ғалымдардың айтуынша, қазір адамдар өздері үшін өмір сүргісі келеді. Әлеуметтанушы дүниежүзінде қарттардың санының өсуі демограгияға қалай әсер ететінін айтқан еді.