"Ұрлап алып қашып кетті": "Дикий Арманның" экс жұбайы ел алдына шықты
Қаңтар оқиғасына қатысты 20 жыл бас бостандығынан айырылған Арман Жұмагелдиевтің экс жұбайы ел алдына шығып, алғаш рет сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Ол блогер Бота Әбдірамановамен сырласып, жеке өмірін баяндап берді.
"Мен 8-сынып оқып жүрген кезім еді. Сыныптасым Асқар дзюдомен айналысатын. Екеуміз де сол спорт үйірмесіне жазылдық. Бір күні маған бір жігітпен таныстырамын деді. Содан Арманмен таныстым. Ол боксқа қатысатын. Сол кездің өзінде оның атағы шығып жатқан еді. Бірақ мен жақсы танымадым. Ол бокстан екінші орын алған кезі есімде қалыпты. Бозбала кезінде қылмыс әлемімен қатысы болмады. Байланысы да жоқ еді. Біз жиі жарыстарда кездесіп жүрдік. Мен студент болып, бірінші курсқа түскенде қоңырау шалып, кездесуге шақырған”, – деп бастады әңгімесін Зәуреш Жұманова.
Сонымен қатар ол Арманға қалай тұрмысқа шыққан кезін де есіне алды.
"Кезекті кездесу күні болатын. Ол маған "көлікке отыр" деп айтты. Мен "жарайды" деп отырдым. Бір кезде үйінен бірдеңе алып кететінін айтты. Мен шорты киіп, үйіне кіргенде, ол маған орамал жапты. Солай ұрлап алып қашты", — деді ол.
Еске салайық, Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде Арман Жұмагелдиевтің өзіне қол cалмақ болғаны жайлы ақпаратқа пікір білдірген еді.