Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұры түседі деп қорықпаймын": Гүлзира Айдарбекова зәулім үйін көрсетті

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзі тұрып жатқан үйін көрсетіп, оқырмандарымен сырласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/photos245830664

Өнер иесі жатын бөлмесін де көрсетіп, қызу талқыға түсті. 

“Мен қарапайым тұрғанды ұнатамын ғой. Орташа болғанын қалаймын. Асып-тасқым келмейді. Оның үстіне ұйқым да тыныш. Ұры түседі деп уайымдамаймын. Қатты жаман да емес, керемет те емес, орташа тұрмыс дұрыс”, – деп жазды продюсер.



Одан кейін “Мақтануды ғана білесің, қаншама адам нан таба алмай отыр” деген оқырманға да жауап берді. 

“Үйіме перде тіктіріп едім, халық шулап кетті. Жап-жас қыздардың еңбегін бағалау керек. Ұялатындай жеті қанатты сарай соғып жатқан жоқпын. Әлде алтын жіппен тігілген перде көріп тұрсыз ба?! Қазір еңбек етпей, алаяқтықпен не болмаса дайын асқа тік қасық салып үйренген жастар көп. Көз майын тамызып, қыздар еңбек етті, ұнатып жатқандар болса тапсырыс беріп, саудалары жүрсін. Еркек басыңызбен әйелдермен өсек айтысып не істеп отырсыз, сіздікі тіптен ұят екен”, – деп ашуланды Гүлзира Үсенқызы. 

Еске салайық, продюсер үйінен айырылып қалған келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдірген еді. 

 

Талқылау