Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұры деп ойлаған: Түркістан облысында ауылдасының басы мен қолын шауып тастаған ер адамға үкім шықты

Түркістан облысында көршісін қатыгездікпен өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап. 

балта
Жыланды ауылының 57 жастағы тұрғыны ауылдасының 8 қабырғасын сындырып, басы мен қолын балтамен шауып тастады деп айыпталған. Ал сотталушы оны ұры деп ойлап, өзін қорғану үшін қылмысқа барғанын айтыпты. 

"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша прокурор айыпталушыны 11 жылға соттауды сұраған. Алайда сот ер адамды 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ал жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді", – деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев. 

Ер адам өз кінәсін толығымен мойындаған. Әрі көп нәрсенің есінде қалмағанын айтыпты. 

"Түнгі 01:30 шамасында жәбірленуші мас күйде балта ұстап сотталушының үйіне келген. Жәбірленуші балтамен сотталушының басынан бір рет ұрған. Сол сәтте сотталушы жанында тұрған қайшыны алып, жәбірленушінің сол қолынан ұрған. Кейін оны өлтіру үшін балтаны қолынан жұлып алған. Бұдан соң балтамен жәбірленушінің басынан бірнеше рет ұрған. Алған жарақатынан ер адам сол жерде көз жұмды", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі. 

Талқылау