Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қордан алынған қаржы түсімдерден асып кеткен – Ұлттық банк төрағасы

Мәжіліс отырысында баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қордан қаржы алу жөнінде айтып өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

сүлейменов

Фото: Ұлттық банк

Сүлейменовтің сөзінше, елде бюджет тапшылығын жабу үшін әлі де Ұлттық қордан қаржы алынып жатыр. 

“Ұлттық қорға қаражаттың түсуі мен оны алуда баланс теріс. Сәйкесінше, алынған қаражат оның түсімінен асып кетіп отыр. Мұндай жағдайда Ұлттық қор қаражатын көбейтетін жалғыз фактор – инвестициялық кіріс. Ол биыл тоғыз айда 10,27% немесе 6,16 миллиард доллар болды. Тек осының арқасында Ұлттық қордың активтері жыл басынан бері 4,5%-ға өсіп, 62,7 миллиард долларға жетті”, – деді ол.

Ұлттық банк басшысының сөзінше, биыл Ұлттық қордан берілетін тікелей трансферттер көлемі 5,6 триллион теңге болған.

“Ал 2025 жылдың бюджетінде 5,3 триллион теңге алу қарастырылған. Енді Ұлттық қордан берілетін тікелей трансферттер мен басқа алымдар көлемі барлық ақша массасының шамамен 16%-ына тең болмақ”, – деп қосты ол. 

Айта кетейік, бұған дейін мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасы таныстырылған еді. 

Талқылау