Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қор қаржы институттарына емес мемлекеттің мүддесіне қызмет етуге тиіс – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың рөлі мен маңызына тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев

Фото: Ақорда

Тоқаев Ұлттық қорды тиімді басқару керек екенін атап өтті.

“Қордың қаражатын, ең алдымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек. Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет”, – дейді президент.  

Тоқаев бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керегін ескертті.

“Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Бюджетаралық қарым-қатынасты да ретке келтіру қажет. Шағын және орта бизнестен түсетін салықты аймақтардың өзінде қалдыру дұрыс әрі уақытылы қабылданған шешім болды. Бұл қадам кәсіпкерліктің дамуына едәуір серпін берді. Сонымен қатар әкімдердің дербестігін арттырды. Алайда кейбір әкімдер қосымша кіріс көзіне ие болған соң, оны елге пайдасыз іске шашып, тиімсіз жұмсайтын болды. Аса маңызды емес міндеттер мен жобаларға қаржы бөле бастады. Үкімет бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық тәсілдер ойластыруы қажет”, – дейді мемлекет басшысы.

Талқылау