Ұлттық қор қаражатын криптоактивтерге салу жоспарлануда

Фото: pixabay.com
Қазақстанның Ұлттық қорының қаражатын цифрлық қаржы активтеріне инвестициялау жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұсынылып отырған өзгерістер Ұлттық қор қаржысын табысы жоғары активтерге көбірек бағыттауды көздейді. Сонымен қатар қор қаражатын жоғары технологиялы салаларға және цифрлық қаржы активтеріне инвестициялауға мүмкіндік беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банктің 2006 жылғы 25 шілдедегі №65 қаулысына енгізілетін түзетулер жобасының түсіндірмесінде айтылған.
Құжатта айтылғандай, бұл өзгерістер Ұлттық қор активтерін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізуге, қор қаржысын жоғары технологиялы салаларға салуға және крипторезерв қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі