Ұлттық киіммен келгендер Алматы ботаникалық бағына тегін кіре алады

Фото: Ботаникалық бақ
Наурыз мерекесіне орай Алматының Бас ботаникалық бағы тұрғындар мен қонақтарға арналған арнайы акция жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
16-20 наурыз аралығында ұлттық киім кигендер баққа тегін кіре алады.
Ботаникалық бақ әкімшілігі табиғатпен үйлесімді өмір сүру және оны құрметтеу дәстүрлі көшпелі өмір салтының және қазақ халқы философиясының ажырамас бөлігі екенін атап өтті.
"16-20 наурыз аралығында ең жақсы шапандарыңызды, көйлектеріңізді және камзолдарыңызды киіп келіңіздер. Көктемнің жаңаруын табиғат аясында бірге тойлайық, дәстүрлеріміздің сұлулығын және туған жерімізге деген терең құрметімізді көрсетейік", – деп хабарлады әкімшілік.
Ботаникалық бақ мамандары тұрғындар мен қонақтарды табиғат аясында көктемді тойлауға және ұлттық киім кию арқылы дәстүрлерді сақтауға шақырады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"