Ұлттық қауіпсіздік комитеті құны 2 миллиард теңге болатын есірткіні тәркіледі
Шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Астана мен Алматыдағы 3 ірі есірткі зертханасын әшкереліп, жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰҚК
Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
“Тінту барысында 93 келіден астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 келі прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды. Тәркіленген есірткінің “қара нарықтағы” бағасы 2 миллирд теңге (4 миллион доллар)”, – делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатыстты қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ұлттық қауіпсіздік комиеті өзге мәліметтер қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейтінін мәлімдеді.
Бұған дейін екі шетелдік 755 келі есірткіні аяқкиім креміне арналған ыдысқа салып шекарадан өткізбек болған еді.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”