2025 жылы Алматы әкімдігіне 1 трлн теңгеге дейін қарыз алуға рұқсат берілмек
Ұлттық экономика министрлігі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің 2025 жылға арналған қарыз алу бойынша жаңа лимиттерді белгілейтін бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы әкімдігі келесі жылы 2024 жылдан 75% артық 1,18 трлн теңгеге дейін (2024 жылы 674 млрд теңге), Астана әкімдігі 286,1 млрд теңге (2024 жылдан 29% артық), ал Шымкент әкімдігі 208,19 млрд теңгеге дейін қарыз ала алады.
Республикалық маңызы бар үш қаладан бөлек Түркістан облысының әкімдігіне үлкен көлемде қарыз алуға рұқсат берілмек. Жергілікті билік келесі жылы 472,5 млрд теңгеге дейін қарыз ала алады (2024 жылы – 359,9 млрд теңге). Ал қарыздың ең төменгі шегі Ұлытау облысында – 55,2 млрд теңге.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екені белгілі болған еді.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен