Ұлттық бірыңғай тесттің сұрақтары енді жасанды интеллекттің көмегімен дайындалады
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов Ұлттық Бірыңғай тесттің сұрақтарын жасанды интеллектің көмегімен дайындау жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жасанды интеллект
Жоба аясында тест тапсырмаларын дайындайтын адамдар үшін жабық жұмыс кабинеттерін құру қарастырылған. Осылайша жасанды интеллект көмегімен тапсырмаларды жасауға, жүктеуге және клондауға болады.
Нұрсұлтан Махатовтың айтуынша, жасанды интеллектті енгізу:
- Бірегей тест тапсырмаларының санын көбейтуге;
- Сұрақтарды әзірлеу кезінде субъективтілікті азайтуға;
- Техникалық шарттарды әзірлеу кезінде шығындарды азайтуға көмектеседі.
Жоба 2025 жылдың үшінші тоқсанында іске қосылады. Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тест өткізу ережелері туралы ақпарат беретін және грантқа түсу мәселелері бойынша кеңес беретін “AI Talapker” чат-ботын құру жоспарланып отыр.
Жасанды интеллект Қазақстандағы компанияларды қалай өзгертеді
Бұған дейін қазақстандық оқушылар жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйренетіні туралы жазған едік.
Талқылау