Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ұлттық банк Ұлы Жеңіс күніне орай жаңа монеталарды шығарды

Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк "Көрнекті оқиғалар мен адамдар" сериясынан Ұлы Жеңіс.80 жыл коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Монеталардың қашаннан бастап сатылатыны кейін белгілі болады.

“ Ұлы Жеңіс.80 жыл” монеталары Ұлы Жеңістің тарихи жадын мәңгі қалдыру және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Отан қорғаушылардың ерлігі мен жанқиярлығына құрмет белгісі ретінде шығарылды. Монеталардың шығарылымы ұмытылмас датаға орайластырылған және мәдени-тарихи мұраны сақтауға деген ұмтылысты көрсетеді”, – деп мәлімдеді ұлттық банк.

Монеталарда қаза тапқан батырларды еске түсіретін мәңгілік алау бейнеленген. "80" санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және мемлекеттік Тудың элементтерін үндестіретін стильде жасалған.

Фото: Ұлттық банк

Монета:

  • алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған, салмағы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, түрлі-түсті баспа технологиясы бойынша, "proof" өндірістік сапасымен, номиналды құны – 1 000 теңге, таралымы – 2 000 дана;
  • нибрас/нейзильбер қорытпаларынан (биколорлы) жасалған, салмағы – 7,5 грамм, диаметрі – 26 мм, номиналды құны 200 теңге, таралымы он миллион дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстаның бүкіл аумағында қабылдануға міндетті. Қазақстан теңге сарайында коллекциялық монеталар жасалды.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 06 Мамыр, 2025 09:05
Талқылау