Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк базалық ставканы 16,5% деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық банк базалық ставканы 16,5% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Яндекс Карты

Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляция наурыз қорытындысы бойынша 10%-ға дейін жеделдеп, болжамды диапазон шегінде қалыптасты. 

"Жылдық инфляцияның негізгі қозғаушы күші – қызмет көрсету секторы. Бұл реттелетін тарифтердің бірінші тоқсанда күткеннен жоғары өсуімен және нарықтық қызметтердің қымбаттауымен байланысты. Азық-түлік инфляциясының үлесі айлық және жылдық көрсеткіштерде арта түсті. Айлық динамикада тұрақтанудың алғашқы белгілері байқалды. Инфляция ақпандағы 1,5%-бен салыстырғанда наурызда 1,3%-ға дейін баяулады. Бұл азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен нарықтық қызметтердің бәсеңдеуіне байланысты. Базалық инфляция – 0,9%, ал маусымдық әсерлерден тазартылған инфляция – 1,0% деңгейінде қалыптасып, ұқсас динамика көрсетті", – делінген хабарламада. 



Ұлттық банк хабарлауынша, инфляция қаңтар-наурыз айларында орташа есеппен жеделдеп, бір жылға есептегенде 14,2% деңгейіне жетті. Бұған тарифтік реформалардың жалғасуы, проциклдік фискалдық ынталандыру және орнықты тұтынушылық сұраныс ықпал етті.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша шешімі 2025 жылы 5 маусымда сағат 12:00-де жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін де базалық ставка 16,5% деңгейінде еді. Ал оның алдында 2024 жылдың қараша айының соңында 15,25% болған.

Талқылау