Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк басшысы АЭС салуға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінетінін жоққа шығармады

11 қазанда өткен брифингте ҚР Ұлттық банкінің басшысы Тимур Сүлейменов АЭС құрылысына бюджеттен белгілі бір сома бөлінуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: facebook.com/timur.suleimenov.1

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, әзірге Үкімет Ұлттық қордан немесе басқа да бюджет қаражатынан бөлу туралы ұсыныспен Ұлттық банкке жүгінбеген.

“Меніңше, консорциуммен, басқа біреумен келіссөздер кезінде бізде қандай да бір көзір болуы керек. Егер біз өзіміздің тарапымыздан технологиямен, кадрлармен немесе қаржымен қамтамасыз етпесек, онда біздің келіссөздер деңгейі төмен болады. Сондықтан, шынымды айтсам, біраз ақшаны өзіміз бөлеміз дегенді жоққа шығармас едім”, – дейді Ұлттық банк басшысы.

Яғни, ол инвестордың өзі ақша әкеліп, толығымен қаржыландырмас үшін осылай істеу маңызды екенін айтады.

“Қазақстан қаржыландырудың көп бөлігін өзі алуы мүмкін. Немесе қаражат мемлекеттік бюджеттен алынады. Бұл біздің келіссөздегі ұстанымымыз. Бірақ егер үкімет қаржыландыруды құрылымдау мәселесіне бізді тартса бұл туралы сөйлсеміз. Мұндай ұсыныс болмады, меніңше, әзірге ерте сияқты”, – дейді Тимур Сүлейменов.

Талқылау