"Үлкен тойхана": Алматылықтар орталық саябақта салынып жатқан ғимаратқа наразылық білдірді

Алматыдағы Орталық демалыс саябағында пайда болған жаңа ғимарат желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары жаңа ғимаратты “тойхана” деп атап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде саябақтағы жаңа ғимарат бейнеленген видео тарады. Видео авторының айтуынша, бұл жер ұзақ уақыт бойы қоршалып тұрған, ал жақында қоршау алынып тасталған.
“Алматының Орталық демалыс саябағында күтпеген жерден үлкен тойхана пайда болды. Бұған дейін әкімдік рекреациялық аймақтарда, саябақтар мен скверлер аумағында құрылыс жүргізуге толық тыйым салынғанын мәлімдеген еді”, – делінген видеоның жазбасында.
Алматыдағы Назарбаевтың резиденциясының астындағы жаңа саябақта бункер табылмады
Алматыдағы 40 қабатты ғимараттың құрылысы жалғасатын болды
Алматы қаласының әкімдігі саябақтағы нысанға қатысты пікір білдірді.
“Аталған аумақта жаңа нысанның құрылысы жүргізіліп жатқан жоқ. 2038 жылға дейін уақытша жер пайдалану құқығы негізінде “РИМЭКС” ЖШС-ға ескі ғимаратты қайта жаңарту бойынша алдын ала жобалық құжаттар берілген. Тиісінше, жұмыстар 2019 жылы берілген рұқсат құжаттарының негізінде жүргізілді”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін алматылықтардың тарихи мектептің сүрілуіне қарсы шыққаны туралы жазған едік.
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған
Кәсіпкер: "Ақша, денсаулық пен 5 жыл уақытымды сарп еттім"
"Оқушылар аттестатпен қатар, кәсіп алып шығады": Қазақстандық жігіт Таиландтағы мемлекеттік мектепте ағылшын тілінен сабақ береді
Рахат: "Таиланда дүниеге келіп, Қазақстанда болып көрмеген қыздарым менімен қазақша сөйлеседі"