Ұлытауда газ баллоны жарылып, 20 адам зардап шекті
Ұлытау облысында жекеменшік үйдегі жаназа кезінде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жарылыстан 20 адам зардап шекті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға Жаңаарқа ауылында болған. Көпшілік үй иесін жерлеу рәсіміне дайындалып жатқан. Жеке моншада газ баллоны жарылып, жалын шыққан, бірақ өрт тез сөндірілді. 100 шаршы метр шатыр опырылып түскен. Алдын ала болжам бойынша, қауіпсіздік шаралары өрескел бұзылған, газ баллоны суықтан әкелініп, пештің жанына қойылған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлік тексерістен кейін зардап шеккен 20 адамның 19-ы үйлеріне жіберілген. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Ауруханада бір зардап шегуші ғана қалған, ертең науқасты емдеу үшін Қарағандыға жіберу жоспарлануда.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"