Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының жаңа әкімі тағайындалды

Ұлытау облысының әкімі болып Дастан Рыспеков тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото primeminister.kz 

Жаңа әкімнің тағайындалғанын Ақорда мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды", – делінген хабарламада. 

Дастан Рыспеков 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КазГЮУ Алматы заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.



2016-2018 жылдары –  Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры-"Астана ЭКСПО-2017 "ҰК"АҚ Бас бухгалтері.

2018-2019 жылдары – Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы.

2019 жылдың сәуір айынан бастап "Астана ЭКСПО-2017 "ҰК" АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарған.

Талқылау