Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анамен TikTok-тағы видеосы үшін соттасқан
Фото: ОКҚ
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков көпбалалы ана Әсел Айтмағамбетоваға TikTok-тағы жарияланымдары үшін 495 мың теңге айыппұл салынуына себеп болған шағымы туралы айтты.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист соңғы 15 жылда өңірде тұрмағанын айтқан Әселге қатысты жағдайды еске салып, әкімнің сынды қалай қабылдайтынын сұрады.
"Иә, мен сынға сезімталмын, әсіресе негізсіз сынға шыдамаймын. Менің жұмысыма байланысты болса, түсінемін, бірақ адам мені сыбайлас жемқорлыққа айыптаса, бұл беделіме нұқсан келтіреді. Менің де отбасым, балаларым бар, олар Жезқазғанда мектепте оқиды, және өкінішке орай, TikTok-тағы бұл мәлімдемелерден кейін олар буллингке ұшырады. Менің анам да Жезқазғанда жұмыс істейді. Оның әріптестері жиі осы мәселеге қатысты сұрақ қойған. Соның нәтижесінде менің беделіме үлкен нұқсан келді. Мен бұған келіспедім. Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатыны туралы бірнеше рет ескерту жасадық. Ол бұл ескертуді елемеді, медиативтік келісімге де келмеді. Сондықтан мен сотқа бердім", - деді әкім.
Еске салсақ, белсенді Әсел Айтмағамбетова мамыр айында Жезказғанға көшіп келіп, ауруханалардағы санитарлық жағдайдың нашарлығы, ғимараттардың бүлінуі, мамандардың жетіспеушілігі және коммуналдық қызметтердің кемшіліктері туралы қаладағы проблемалар туралы видеолар жариялай бастаған. Бір видеосы Денсаулық сақтау департаментінің назарын аударып, аурухананы жөндеу 1 маусымда басталатыны хабарланды.
19 маусымда әкім арыз беріп, полиция әкімшілік іс қозғады. Сараптама видеоны әкімнің беделін түсіретін және оның абыройына нұқсан келтіреді деп таныды. Сот белсендіге 495 432 теңге айыппұл салды. Әсел жазаның заңсыз екенін, тек қаладағы шынайы проблемаларды көрсеткенін мәлімдеді. Сот шешімінен кейін ол барлық видеоларды және TikTok аккаунтын өшірді.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді