Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының әкімдігі Қытай Халық Республикасында өңіраралық ынтымақтастық орнатты

Сиань қаласында ҚР Бас консулдығының қолдауымен Ұлытау облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу, өзаратүсіністік туралы меморандумдарға қол қою және екі жақтың стратегиялық серіктестігін нығайтуға бағытталған. 
 
Іс-шараға Ұлытау облысының әкімі, мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған Ұлытау облысының делегациясы, сондай-ақ қытайлық және қазақстандық компаниялардан 100-ге жуық өкіл қатысты.
 
Форум аясында Ұлытау облысының инвестициялық әлеуеті, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және өңірдің перспективалы инвестициялық жобалары таныстырылды. 


 Өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылды. 
 
Сондай-ақ, G2B және B2B форматтарында кездесулер өтті.
 
Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 12.5 миллиард теңгені құрайтын ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылды. 


 Құжат келесі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды көздейді:

  • Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларындағы тұрғын үйлерді қайта жаңғырту;
  • металлургиялық шлактарды қайта өңдеу;
  • сүт-тауар фермасын салу.

Ұлытау облысының әкімі өңірдің жоғары инвестициялық әлеуетін және халықаралық ынтымақтастыққа ашықтығын атап өтті:

“Біз инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Бүгіннің өзінде бірқатар компания Ұлытау облысы аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын”, – деді өңір басшысы.

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 29 Наурыз, 2026 17:27