Ұлытау облысындағы кеніште жеті шахтер үйінді астында қалды
17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-нің Жомарт кенішінде тау жынысы опырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: “Жомарт” кеніші
Оқиға салдарынан жеті жұмысшы үйінді астында қалды. Қазір олармен кабельдердің үзілуіне байланысты байланыс жоқ.
Костенко шахтасындағы апат: Қайғылы жағдайдан 1 жыл өткеніне қарамастан тергеу әлі аяқталмаған
Апат болған жерде апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған төтенше жағдайлар департаментінің 21 қызметкері, 7 бірлік техникасы және "Серіктес” ЖШС құтқарушылары жұмылдырылған.

Фото: Kozachkov offside
Үйінді астында қалған шахтерлердің тізімі жарияланды. Оларды құтқару мүмкіндігі әлі де жоғары. Ең бастысы желдету жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұруы керек.
Еске салсақ, осыған дейін бұрынғы АрселлорМитталға қарасты “Абай” шахтасынан 155 шахтер эвакуацияланғанын жазғанбыз.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді