"Ұлының көңілі түсіп кетті": Мейрамбек Бесбаевтың жары гендер патидің қалай өткенін көрсетті
Танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың жары, блогер Мархабат Бесбаева үшінші сәбиінің жынысын қалай білгенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/marhabat.besbaeva
Өнер иесінің жұбайы жеке парақшасында отбасылық видео жариялап, гендер патиден үзінді бөлісті. Үшінші перзентін әнші де, оның жары да ұл болады деп күткен көрінеді.
“Осындай сый бергеніне Аллаға шүкір! Жұғысты болсын баршаңызға", – деп жазды Мархабат Бесбаева.
-
Мейрамбек Бесбаев әйелі Мархабатты перзентханадан шығарып алды
-
"Жансақтау бөлімінде жаттым": Мейрамбек Бесбаевтың әйелі босануға қатысты сұрақтарға жауап берді
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сәбиге ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Менің қыздарымның есімі Кәусар мен Айзия”, “Артынан інісі ерсін", "Ұл жалғассын енді", "Ұл болсын, қыз болсын саналы, тәрбиелі болсын!", "Мейрамбекке жанашыр болады, қос қарлығашы", “Ұлының көңіл-күйі түсіп кетті”, – деп жазды желі қолданушылары.
Еске салайық, Мейрамбек Бесбаевтың үшінші рет әке болатынын естігендегі реакциясы көпшілікті сүйсіндірген еді.