Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлымен алғаш кездескен сәтін жариялаған блогер Елдос Колобок жұртты жылатты

Ұлымен алғашқы кездесуФото: https://www.instagram.com/eldos_kalabok

Күні кеше алғаш рет әке атанған танымал блогер Елдос Колобок әлеуметтік желіде видео жариялап, жұрттың жүрегін елжіретті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер ұлымен алғаш кездескен сәтінен видео жариялаған.

“Қош келдің, ұлым! Алланың қалауымен, халықтың тілеуімен өмірге келдің ғой, халықтың ұлы бол, ұзақ мәнді ғұмыр кеш. Мен бақыттымын”, – деп жазды ол.

Бұған желі қолданушылары мен блогердің достары тәнті болып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

“Аллақа шүкiр! Сынақтың артында жеңiлдiк бар! Бауы берiк болсын! Бақытты болыңдар!”, “Әке болғаныңнан сенің бауырым”, “Біз сені қатты күттік қой, інім”, “Аллаға сансыз шүкір, бауы берік болсын батырдың”, “Жылаттың-ау”, “Керемет сәт”, “Бауы берік болсын! Кеше өз бауырым ұлды болғандай қатты қуандым”, “Біз де күні бойы жылап жатырмыз, бәрін пісіріп, мереке болып жатырмыз”, “Қандай керемет сезім, сіздер үшін қуаныштымыз”, – деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін Елдос Калабок пен жұбайы Таңшолпан көптен күткен қуанышын бөлісіп, сүйінші сұраған белгілі блогерлер gender party жасағаны хабарланған болатын. Танымал жұпты қазақстандықтар жарыса құттықтады.

Еске салайық, Елдос Кәдірханов не себепті бала асырап алғысы келмейтінін айтқан еді.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 13 Қараша, 2025 10:38
Талқылау