"Ұлым үшін": Мөлдір Әуелбекова 10 жылдан кейін бұрынғы күйеуін кешірді

Танымал әнші, “КешYOU” тобының экс-солисі Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жаңалықты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, бұрынғы жұбайы Арыстанмен қарым-қатынасына тоқталды. Әнші екі ай бұрын экс-күйеуі алимент төлеуі үшін өтініш берген. Ал күні кеше ұлының әкесі байланысқа шығып, өткен оқиғалар үшін кешірім сұраған.
“Махаббат…Екі ай бұрын Арыстанды алиментке бердім. Ал бүгін, ол маған өзі хабарласып, өткен кеткенге кешірім сұрап, балаға әке ретінде қамқор боламын деді… Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтып, алименттен алып тастауымды өтінді…” – деп жазды ол.
Әнші бұрынғы күйеуін ұлы үшін кешіргенін айтты. Осылайша, олар жақсы ата-ана болуға тырысамыз деген шешімге келген.
“Кештім… Алла үшін… Ұлым үшін… 10 жылға созылған тұман сейілсін… Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім - сіздерге рақмет!” – деп жазды ол.
"Бір тиын ақшасын қимай жүр": Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулерін сынады
"Үйде ерің болмағасын қорқынышты": Мөлдір Әуелбекова жер үй сатып алды
Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жазба жариялап, енді тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеген еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан