Ұлыбританияда Рысқалиевті аңдып, Қазақстан елшілігін арандатпақ болған тыңшылар сотталды
Фото: azh.kz: UGC
Ұлыбританияда қазақстандық құқық қорғаушылардан жасырынған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен Қазақстан елшілігін арандатпақ болған адамдар сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"Шпиондық топ Ресейге арнап мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіретін ақпаратты жинаған. Судья Хиллиард алты айыпталушыға – Болгария азаматтарына үкім шығарар алдында осындай мәлімдеме жасады. Судья олардың түрмеде жазасын өтегеннен кейін депортацияланатынын айтты", – деді Олд-Бэйли соты.
Сот үкімді жариялау барысында айыптау жасалған алты операцияны тыңдады. Онда ұрлау әрекеті мен жалған наразылық акциясы туралы айтқан.
"Сот алдында топтың болжамды ұйымдастырушысы Орлин Русев жауап алу кезінде "Джеймс Бонд рухындағы іс-шаралармен" айналысқанын жоққа шығарды. Алайда сотқа оның бұрынғы 33 бөлмелі қонақ үйінде көптеген бақылау жабдықтары табылғаны туралы дәлелдер келтірілді. Сонымен қатар тағы бір айыпталушы Вана Габероваға судья бұл әрекетті Ресейдің игілігі мен ақша үшін істегенін айтты", – делінген хабарламада.
Шпиондық ұйым мүшелеріне берілген мерзім 10 жыл сегіз айдан, бес жыл үш аптаға дейін тағайындалған.
Өз кезегінде Лондон полициясы үкімдер "өнеркәсіптік ауқымдағы тыңшылықтың" болуын растайтынын алға тартты. Сонымен қатар топтың Ұлыбританияға үлкен қауіп төндіргенін жеткізді.
12 мамырда Ұлыбританияда тыңшылық ұйым туралы іс бойынша Болгарияның бес азаматы: Орлин Русев, Бизер Джамбазов, Катрин Иванова, Ваня Габерова және Тихомир Иванчев айыпталды. Олардың қызметі Ұлыбританияға қашқан қазақстандық саясаткер Бергей Рысқалиевпен байланысты болды. Айыптау мәліметтері бойынша, "күдіктілер Ресейдің Қазақстанмен байланысын нығайтумен айналысқан. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілердің төртінші операциясы, Лондондағы Қазақстан елшілігіне қарсы бағытталған.
Рысқалиевтің өзі Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

"Әйелдерді ылғи ұрысқақ, долы, толық етіп көрсетеді": Қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелдің образы неге өзгермейтінін талқылады
