Бір анадан туған егіз еркек пен әйел 6 бала сүйіп, оның екеуін буындырып өлтірген
Ұлыбританияның Шеффилд қаласында екі ұлын өлтірген егіз әйел ер азаматқа қарсы сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
35 жастағы Сара Баррас 20 жыл бойы бір анадан туған сыңары Брэндон Мачинмен көңіл қосып, бірге тұрып келген. Осы уақытта бұл жұп 6 бала сүйіп үлгерген, ал ең үлкен ұлының жасы 14-те болған көрінеді. Баррас егер басқалары оның өз сыңарынан сәби көтергенін біліп қойса, балаларынан айырылып қаламын деп қорққан. Сол себепті ол өз балаларын өлтіріп артынша, өзіне-өзі қол салмақшы болған. Бұған оның жұбы Мачин көмектесемін деп уәде берген.
23 мамыр күні егіздер өздерінің жасы үлкен балаларын түрлі дәрілермен уламақшы болады, алайда дәрілер әсер етпепті. Ақырында Баррас пен Мачин екі ұлын қолдарымен буындырып өлтірген. Ал үшінші ұлын ваннаға батырмақшы болған олар артынан кейін бұл ойларынан бас тартады. Балалардың анасы полицияға өзі хабар беріпті.
Егіздерге 6 адамды өлтірмекші болып сыбайласқан және 5 адамды өлтірмекші болған деген айып тағылған. Баррасс пен Мачин өз кінәлерін мойындапты. Сот оларды 35 жылдан астам уақыт бойы бас бостандығынан айырған.