Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұланғасыр Қами екі қабатты үйіне рум тур жасады

Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Ұланғасыр Қами екіқабатты үйіне рум-тур жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі ауылдағы ата-анасын қолына көшіріп алғысы келетінін жасырмады. 

“Мен үшін бүгін – тарихи күн. Өздеріңіз көріп тұрғандай екіқабатты үйімді салып біттім. Қарағанды облысы, Талды ауылынан анам қолыма көшіп келе жатыр. Зейнет демалысына шыққан еді. Енді кенжесінің қолында тұрады”, – деді әнші. 

Одан кейін анасының әр бөлмеге кіріп, шашу шашып жүргенін көрсетті. 



Эстрада жұлдызы Алматы қаласының іргесінен зәулім үй соққан еді. Өнер иелерінің достары қоныстойға ерекше сыйлық тарту еткенін жазған едік. 

“Қонақтарға дастархан дайын. Назерке жасап беріп кетті. Продюсерім, әрі көршім. Мен достарыма қалжыңдап айтып едім. Олар екі қой алып келіпті. Бір марқайып қалдым. Дәулет Өсербай бауырым жылқы мінгізді. Бәрі үйімнің көрімдігі екен. Достарым аман болсын. Шынымен де, күтпедім!”, – деп жазды әнші. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 19 Маусым, 2025 14:50
Талқылау