Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұл-қыз өсіріп отырсыңдар": Алтынай Жорабаева біреудің өмірін талқылайтындарға ескерту жасады

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева көпшілікке реніші барын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға ескерту жасады. 

"Ұл-қыз өсіріп отырып, неге біреудің өмірін талқылайды екен, көп жандар? Үйтпе, бүйтпе деп айтады. Негізі, не салғысы келетінін әркім өзі біледі деп ойлаймын. Қалай өмір сүргісі келеді? Не айтқысы келеді? Өз стандартыңызбен талап етпеңіз! Әр адам өзінің қалауымен, тәрбиесімен өмір сүреді. Себебі сіз қаншалықты мінсізсіз?!  Айналаңызға, отбасыңызға, туған-туысыңызға зер салып қойыңызшы", – деп жазды әнші. 



Еске салайық, эстрада жұлдызы оқырмандарының сөзіне қарамастан, күйеуін жиі еркелететінін айтқан еді. 

"Кез келген жан күйеуін, әйелін жақсы көргенде еркелетіп жібереді ғой. Жақсы көріп, еркелеген, еркелеткен кез келген жан менімен келіседі деп ойлаймын. Әлде, олай жақсы көріп, еркелеткенді сезініп көрмегенсіз-ау", – деп жауап берді әнші. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 22 Тамыз, 2025 12:25
Талқылау