ҰҚШҰ-ға әскерін орналастыруға көбірек мүмкіндік берілмек: Парламент оған қатысты екі заң жобасын қабылдады
Фото: odkb-csto.org
Мәжіліс депутаттары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) қызметін реттейтін екі заң жобасын қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заң жобаларының бірі қабылданса 2010 жылы 10 желтоқсандағы ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне кіретін күштер мен құралдар құрылымдарының мәртебесі туралы келісімге енгізілген өзгерістер жөніндегі хаттаманы ратификациялайды.
“Аталған келісім тараптардың аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының уақытша орналасуының құқықтық негізін айқындайды және олардың мәртебесін белгілейді. Ұсынылып отырған түзетулер күштерді тараптардың аумағына жіберу негіздерін кеңейтуді қарастырады. Атап айтқанда, дағдарыс жағдайларының алдын алу, гуманитарлық көмек көрсету, кенеттен тексеру жүргізу мүмкіндігі енгізіледі”, – деді депутат Айгүл Құспан.
Тәжікстанның ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрағаны туралы ақпарат тарады
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дан кетті: Жаңа бас хатшының есімі белгілі болды
Айгүл Құспан төрағалық ететін Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасын жұмысқа қабылдап, оған қатысты қорытынды дайындайды. Бұл құжат кейінірек Мәжілістің пленарлық отырыстарының бірінде қаралады.
Екінші заң жобасы да Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қызметіне қатысты. Бұл құжат қабылданса, ҰҚШҰ-ға мүше елдер әскерді, әскери техниканы және әскери жүк-мүлікті бір-бірінің аумағы арқылы тасымалдауды жеңілдететін өзгерістер заңды түрде бекітіледі. Яғни қажет жағдайда мұндай тасымалдар тез әрі кедергісіз жүзеге асуы үшін ережелер нақтыланады.
“Келісімге енгізілген өзгерістер ұйым аясындағы тасымалдарды қамтамасыз етуге қатысты құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, түзетулер әскери және өзге де құрылымдарды тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде, әсіресе шұғыл шаралар қабылдау қажет болған жағдайда, жеделдікті арттыруды көздейді. Комитет бұл заң жобасын қабылдауға және оған қатысты қорытынды әзірлеуге дайын”, – деді Айгүл Құспан.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚШҰ егер Еуропа елдері Украинаға әскер кіргізген жағдайда не болатынын айтқаны туралы жазған едік.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты