Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК Семей қаласының тұрғынынан ежелгі Сақ дәуірінің тарихи жәдігерлерін тәркіледі

Ұлттық қауіпсіздік қызметі тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

сакский

ҰҚК таратқан ақпаратқа сүйенсек, тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленген.



“Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды”, – делінген мәліметте.

Талқылау