Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Эйр Астана» Galaxy Note 7 телефонын бортта қосуға және жүкке тапсыруға тыйым салды

«Эйр Астана» әуе компаниясының ескертуінше, ұшақ борттарында Samsung Galaxy Note 7 телефонын қосып, қуаттау өте қауіпті.

12870201

«Эйр Астана» әуе компаниясы жолаушылардан ұшақ борттарында Samsung Galaxy Note 7 телефонын қосудан, қуаттаудан, сондай-ақ осы телефонды жүкке тапсырудан бас тартуды сұрайды. Халықаралық әуе көлік ұйымының хабарлауынша, бұл маркалы телефон бірнеше рет өз-өзінен жанып кеткендіктен, Samsung компаниясы Galaxy Note 7 құрылғысын кері қайтарып жатыр», – деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісінің ресми сауалына жауап берген «Эйр Астана» компаниясының баспасөз қызметі.

«Эйр Астана» компаниясының басты мақсаты – қауіпсіздік, сондықтан, жолаушылар әуе компанияның бұл шарасына түсіністікпен қарайды деген үміттеміз», – дейді компания қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, Samsung компаниясы биыл 19 тамызда Galaxy Note 7 гаджетін сатылымға шығарған. Бірақ, көп ұзамай (бұл құрылғылар өздігінен жарыла бастаған, әлем бойынша «Samsung» компаниясы осындай 35 оқиға тіркеген) компания өзінің ресми сайтында телефон сатып алған адамдарға оны өшіріп, кері қайтаруға болатынын хабарлаған.

Жіберіп алмаңыз: 

“Эйр Астана” қызметкерлерінің қанша жалақы алатыны белгілі болды

“Эйр Астана” пилоты ұшақты есірткі қолданып басқарып келген

Көлікте қуаттауға қалдырған Samsung Galaxy Note 7 смартфоны жарылып, автокөлік өртенді

Талқылау