Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эстрада жұлдыздары әйел адамның бірнеше күйеуге шығуына қатысты пікір білдірді

Қазақстан эстрада жұлдыздары тоқал алуға және әйел адамның бірнеше рет тұрмысқа шығуына қатысты өз пікірлерін айтты.

казак аншилер

31 телеарнаның «Неге?» бағдарламасында жүргізуші Мұхит Сапарбаев жұлдыздардан тосыннан: «Егер үкімет әйелдерге бірнеше күйеуге шығуға рұқсат берсе қалай болады?» деп сұрады.

Әнші Серікбол Сайлаубек мұндай жағдайдың болуы мүмкін еместігін, болған жағдайда елімізде өлім-жітімнің көп болатынын жеткізді. Ал тоқал турасында:

«Тоқалым жоқ. Тоқал деген сырт жақтағы махаббат деп ойлаймын», – деп пікір білдірді.

Бұл орайда әнші Әлішер Кәрімов барлығына бірдей қараған жағдайда тоқал алуға болатынын айтты.

«Егер барлығына бірде қарап, бірдей қамтамасыз ететін болсаң, онда алуға болады», – деді ол.

Бүркіт тоқал алуға түбегейлі қарсы екенін жеткізсе, Рамазан Стамғазиев тоқал ұғымына мынадай анықтама берді: «Кейде қинап, кейде зорлап алған екінші әйел».

Әнші Естай Әлекеев әйелдің бірнеше рет күйеуге шығуын қазақ қоғмына жат  деп тапса, Стамғазиев:

«Ол жағын өкімет шеше жатар», – деп қысқа қайырды.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың жаңа концертіне 200 мың доллардан аса қаражат жұмсалған

Дидар Амантай Ләйлә Сұлтанқызы туралы: Екі кітап жазғанын білеміз, бірақ бір кітап оқыды ма?

Әйкерім Қалаубаева елге күйеуін көрсетпеуінің себебін түсіндірді

Мейрамбек Бесбаевтың қызы мектепте «МузАрттың» әйгілі әнін орындады (видео)

Талқылау