Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эрик Тастембеков өзін кінәлаған Сандаға жауап берді

Осыдан бірнеше күн бұрын Санда бұрынғы басшысымен арадағы қарым-қатынасы жайлы айтқан болатын. Араға уақыт салып Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Эрик Тастембековтің экс-жобасына берер жауабы дайын.

«Біз арадағы қарым-қатынас үзілгеннен кейін бір-бірімізді әлі күнге дейін көрген емеспіз. Білмеймін қайда жүргенін. Мүмкін Алматыда болар, мүмкін туған жері Семейде тұрып жатқан шығар. Мүмкін Мәскеуде немесе Голливудта жүрген болар…», – дейді Эрик.

Иә, осыдан алты ай бұрын қоштасқан қос тарап, бір-бірінің бет-жүзін көрмеген. Тіпті, Санданың репертуарын толықтай меншіктеп алған Тастембеков әнші қызға өз әндерін орындауға рұқсат етпеген-ді!

«Егер келісім-шарт уақытынан бұрын аяқталса жазылған әндер мен бейнебаяндардың барлығы продюсердің еншісінде қалады. Жалпы, біз бастапқыда солай келіскенбіз. Біз 7 жылдық келісім шартқа қол қойған едік, арада түсініспеушілік орын алып, 3 жыл ғана бірге жұмыс жасадық. Сондықтан, ол әндерді шырқауға құқы жоқ! Тіпті, орындағысы келген жағдайда, менің қалтамнан шыққан қаржыны қайтарып берсін. Немесе әндерді қайтадан сатып алсын» – деп өз жауабын берген Тастембеков экс-жобасына дәл осындай талап қойып отыр.

Санда мен Эрик арасындағы текетірес мұнымен шектелмейді. Продюсері кезінде өзі қалаған әндерді орындауға мүмкіндік бермегенін де жарияға жар салған еді. Тастембековпен тіл табыса алмаған сылқымға басшысы таңдаған тректер ұнамаған.

Санданың сөзіне сенсек, әнші қыз диапазоны кең әрі ырғақты әндерді шырқағысы келгенін айтқан болатын. Алайда, танымал продюсердің дүйім жұртқа айтар өз ақиқаты бар.

«Біріншіден, әр әртіс өзін керемет әншімін деп санайды ғой. Бірақ, мен продюсер ретінде бастапқыда Санданың ән айту мүмкіндігін ұзақ уақыт бақыладым. Оның диапазоны кең болғанымен, лирикалық әндерді айта алмайды. Сондықтан, дауысым бар деп, дабыл қағудың қажеті жоқ! Өзін мықтымын деп санайтын әнші болсаң жан-жақты болуы керек» – дейді Эрик Тастембеков.

Бұған дейін Санда экс-продюсерінің өзіне көрсеткен қысымын айтқан болатын.

Оқи отырыңыз:

Ділназ Ахмадиева: Ұйғыр деп бетіме басқан кезде реніштен жылап жібердім

Ташкентке сапарлаған Мақпал Жүнісова өзбек ағайындарды таңдай қақтырды (видео)

Қазақ киносындағы тарихи күн: Ақан Сатаевтың фильмі әлемдік прокатқа шығатын болды

Қайрат Нұртас түрікше әнге бейнебаян түсіретінін айтты

Талқылау