Эльфке ұқсағысы келген аргентиналық операцияға 46 мың доллар жұмсаған
Аргентиналық студент ежелгі эльф халқының бейнесіне ұқсау үшін 46 мың доллар жұмсап, пластикалық операция жасатқан.
Бұл туралы Daily Mirror хабарлайды.
Өз арманына қол жеткізу үшін 26 жастағы Луис Падрон ринопластика, бас сүйегіне липосакция, көзінің түсін өзгертуге операция жасатқан. Сонымен қатар, ол терісі мен шашының түсін де өзгерткен.
Тамыз айының басында ол тағы бір косметикалық операцияны өткерді. Енді ол алдағы уақытта құлағының пішінін, көз қиығын өзгертіп, тағы басқа кем-кетіктерін жасырып, аяқтарын ұзартуды жоспарлап отыр. Оны операцияның ауырлығы да қорқытпайды екен.
“Мен адам секілді емес, өз арманымдағы бейне секілді болғым келеді”, – дейді ол.
Оқи отырыңыз:
Жапонядағы барлардың бірінде маймыл даяршы болып жұмыс істейді
Жас жігіт өзін мазақ еткен жеткіншектен кек алу үшін оның анасымен төсектес болды
Аю өзіне сүт бермек болған ер адамның қолын қоса жеп қойды (видео)
Ресейлік бала күтушісі балаларды ұятсыз фильмдермен тыныштандыратынын айтып мақтанды