Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО көрмесі қарашаға дейін жалғаса ма?

Күні кешек бірнеше астаналық кәсіпкер ЭКСПО басшылығына көрмені 1 қарашаға дейін ұзарту туралы ашық хат жолдаған еді. Компания басшылары осылайша көрме арқылы тауып отырған табыстарын еселігісі келген. ЭКСПО баспасөз орталығында халықаралық көрмені бірнеше айға ұзарту мәселесі бойынша брифинг өтті.

2bfbed5bef0c46c5787212c37bfc5344-big

Алайда «Астана «ЭКСПО-2017 ҰҚ» АҚ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Сергей Куянов көрменің ұзартылмайтынын мәлімдеді.

«Олардың жақсы табыс тауып отырғанын түсінеміз, соған қарап жұмыс істеуге құлшыныстары артып отыр. Оған біз де қуанамыз, себебі көрменің бір мақсаты туризмді дамыту болатын. Алайда ЭКСПО халықаралық регламентке сай жұмыс істейді, ал шарт бойынша ол 3 айдан артық жалғаса алмайды. Сондықтан да бұл өтінішті орындай алмаймыз», – деді Куянов.

Куянов көрмені ұзартпаудың тағы бір себебін атады.

«Екінші жағынан көрме қатысушыларының бюджеті шектеулі, яғни ЭКСПО ұзартылса, олар үшін де үлкен қиындық туады», – деп атап өтті ол.

Алайда Кулянов бірқатар нысандардың көрмеден кейін де жұмыс істейтінін атап, кәсіпкерлерді қуантты.

«Нұр Әлем» – қала символы ретінде қалады. Оны «болашақ мұражайы» деп атаймыз. Ол тоқтаусыз жұмыс істемек. Сондай-ақ, Арт-орталық пен үздік тәжірибелер орталығы қалады. Конгресс холл мен энергия холлы да өз жұмысын тоқтатпайды», – дейді компания өкілі.

Еске сала кетейік, Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі 2017 жылдың 10 маусымында басталды. Ол 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жіберіп алмаңыз:

1981 жылдан кейін туған адамдар зейнет туралы ұмытсын

Заңгер: Оғыз Доған «Эйр Астананы» сотқа берсе жеңуіне кепілмін

Новосібір билігі Сладкое көлінің Қазақстанға берілуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Балқашта зорланған қыздың құрбысы осы іске қатысы бар деп айыпталып жатыр

Талқылау