Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең белсенді 20 еріктіге оқу гранты беріледі

ЭКСПО-2017 көрмесінде көзге түскен 20 еріктіге қала әкімінің бір жылдық оқу гранты беріледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170605165336

«Еріктілер арасындағы жеңімпазды супервайзерлер анықтайды. Еріктілерге арнайы киім беріледі. Форма ішінде: үш жейде, бейсболка, күрте, рюкзак және термос бар. Еріктілердің бәрі бұған дейін білімін шыңдап, дайындықтан өтті. Олар қала тарихын, қаланың көрікті орындарын, ЭКСПО-ның тарихын жан-жақты меңгерді. Оқу аяқталған соң бәріне арнайы сертификат беріледі», – дейді Оралов.

Еріктілер үшін қала әкімдігі барлық жағдайды жасайды. Оларды жатын орынмен қамтамасыз етіп, ыстық тамақ, автобустарға тегін билет береді. Олар жұмыстан тыс концерттер мен шараларға тегін кіре алады. Сонымен қатар жұлдыздармен кездесіп, кештер ұйымдастыра алады.

 

Талқылау