Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-күйеуінен таяқ жеген Баян Мақсатқызының дерті сыр бере бастады

Бұрынғы күйеуінің соққысына жығылғаннан кейін Баян Мақсатқызының денсаулығына едәуір зақым келді. Тіпті, оның аман қалғанының өзі бір ғажайып деген еді дәрігерлер. Мұны барша қазақ жұрты біледі. Бір жылдан аса уақыттың ішінде продюсер аттап баспаған емхана қалмаған шығар. Алайда Баян Мақсатқызының денсаулығы әлі де толық қалыпқа келмеген, деп жазады Stan.kz.

Жұрт «темір әйел» санайтын атақты продюсер суық тигізіп, сырқаттанып қалғанын жеткізді. «Қатты әлсіреп қалдым» деген ол қарағандылық жанкүйерлерімен кездесуге бара алмағаны үшін кешірім сұрады.

«Күз – таңғажайып, алайда «жауыз» жыл мезгілі. Құрметті қарағандылықтар! Мен бұған дейін жоспарлағанымдай, кітабымның тұсаукесеріне сіздерге келе алмайтын болдым… Сырқаттанып қалдым. Ауа-райы ауысып, вирустар белсенді бола түсті. Ал ағзам бұл өзгерісті қабылдай алмады. Ақырында дене қызуым қатты көтеріліп, өзімді әлсіз сезініп жатырмын. Соның кесірінен ешқандай жұмысымды істей алмаймын. Бірақ шахтерлер қаласына міндетті түрде 21-қазанда келемін! Кешірім өтінемін, түсіністік танытады деп үміттенемін. Сіздермен кездесуді асыға күтемін», – деп жазды продюсер желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Дана Нұржігіт: Қыз балаға «оқы» деп емес, «сен әдемісің» деп көбірек айту керек

Қайрат Нұртас сыртынан ғайбаттағандарға видео-үндеу жолдады (видео)

Қайрат пен Төреғалидің “Жекпе-жекте” тең түскені тыңдармандарға ұнамай қалды

Меруерт Түсіпбаева: Тұрмыс құруым мүмкін (фото)

Талқылау