Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Яшкино және O’3era брендтеріне 24 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды

айыппұлФото: gov.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті "KDV Қазақстан" ЖШС-не (брендтері: Яшкино, O’3era және т.б.) қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету аясында жүргізілген.

“Тексеру барысында кондитерлік өнімдердің көтерме саудасы нарығында бәсекелестікті шектейтін, нарық субъектілеріне әртүрлі жағдайлар қолдану арқылы бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу фактілері анықталды”, - делінген хабарламада.

Іс материалдары белгіленген тәртіпте қарау үшін сотқа жолданды.

“Сот шешімімен "KDV Қазақстан" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 24 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды (айыппұлды ерікті төлеу мерзімі — 1 күнтізбелік ай). Айыппұл Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес белгіленді”, - дейді ведомство.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық дүкендер тауардың бағасын бөліп төлеу кезінде көтере алатынын жазғанбыз.

Рая Мінәп
Сәрсенбі, 26 Қараша, 2025 11:17
Талқылау