"Яндекс.Такси" қосымшадағы ақауға байланысты істен шықты
Қазақстанда қолданушылар “Яндекс.Такси” қосымшасындағы ақау туындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қосымшадағы ақау жайлы жолаушылар мен жүргізушілер де мәлімдеген.
“Таксиді тек бір минуттан кейін шақыруға болады”, – делінген қосымшадағы хабарламада.
Қолданушылардың шағымына байланысты пікір білдірген “Яндекс.Таксидің” Қазақстандағы ресми өкілдері қосымшада ақау туындағанын растады.
“Өкінішке орай, ақау тек Қазақстанда ғана емес, өзге де елдерде байқалған. “Яндекс” компаниясы ақауды жақын арада жоюға уәде берді”, – деді “Яндекс.Такси” өкілі тілшіміздің сауалына жауап беріп.

"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды