Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Яндекс.Такси Қазақстанда бағаны қайта қарайды – Агенттік тексеріс нәтижесін жариялады

яндекс.такси баға

Фото: pixabay.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс.Такси сервисіндегі баға қалыптасу саясатына қатысты тексеріс қорытындысын жариялады. Оған дейін сервис баға жүйесін қайта қарауы керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аудит барысында анықталған қатерлер:

– қаланың шекараларының әкімшілік-аумақтық шекаралармен сәйкес келмеуі; 

– бағаның бағаға қатысы жоқ компоненттер арқылы артуы; 

– қосымшада толық баға есептеу ақпаратының болмауы;

– әуежайда жолаушыларды орналасқан жері бойынша "кемсіту" және басқа да жайттар.

“Кейбір тәуекелдер жойылды, ал кейбірі бойынша Яндекс оларды жою жөнінде міндеттемелер қабылдады. Мәселен, Агенттіктің хабарламасы негізінде пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасының (Яндекс+ бағдарламасы) ережелері өзгертілді. Өзгерістер нәтижесінде Яндекс бұл бағдарлама бойынша (клиенттерге ұсынылатын жеңілдіктер) барлық шығынды өз мойнына алды”, – делінген агенттік хабарламасында. 

Сондай-ақ Яндекстің қолданыстағы комплаенсіне антимонополиялық заңнаманы бұзуға, сұраныс артқанда такси қызметінің бағасы негізсіз өсуіне, сондай-ақ жүргізушілердің табысының төмендеуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру жөніндегі міндеттемелер енгізілді.

Сонымен қатар агенттікке келіп түскен өтініштер негізінде қалыптастырылған Яндекс.Такси жүргізушілерінің проблемалық мәселелері де қаралды.

Назархан Уән
Бейсенбі, 10 Шілде, 2025 19:33
Талқылау