Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Яндекс Go мереке күндері такси сапарларына қалай ақша үнемдеуге болатынын айтты

Мереке күндері сервис тарифтері өзгермейді. Бірақ сұраныстың артуына байланысты сапар бағасы жоғарылау болуы мүмкін. Яндекс Go мереке алдындағы күндері және жаңа жыл түні сапарларға қай уақытта тапсырыс беру тиімді болатынын айтады.

Сапарларға тапсырыс беру қай уақытта тиімдірек болады

Жаңа жыл алдындағы демалыс күндері әдетте адамдардың шаруасы көп: барлығы жаңа жылдық дастарханға тәттілер мен сыйлықтар сатып алуға, соңғы істерін аяқтауға тырысады. 2023 жылғы сервисті пайдалану бойынша деректер негізінде Яндекс Go осы аптада сапарларға қай уақытта тапсырыс беру қолайлы болатынын болжады.

Сенбі күні, 28 желтоқсанда таңертең — сағат 8:00-ден бастап сағат 11:00-ге дейін және кешке — сағат 20:00-ден бастап 23:00-ге дейін сапарға тапсырыс беру тиімдірек болады. Жексенбі күні, 29 желтоқсанда таңертең сағат 9:00-ден бастап сағат 11:00-ге дейін және кешке сағат 19:00-ден бастап сағат 21:00-ге дейін көлікке тапсырыс беру бәрінен тиімдірек.

31 желтоқсанда сағат 10:00-ден бастап сағат 17:30-ға дейін сапарға тапсырыс беру тиімдірек. Кешке таман жүргізушілер жаңа жылдық дастарханға өз отбасыларына үлгеру үшін ауысымдарын аяқтай бастайды. Яғни желідегі көліктер саны азаяды және бағалар уақытша өседі.

Түн ортасынан асқанда және 1 қаңтарда түнгі сағат 2:30-ға дейін көптеген адамдар үйде отырмай, серуендеуге немесе қонаққа барады — сұраныс артады. Ал желідегі жүргізушілер әдеттегі түнге қарағанда аз, сондықтан сапар бағасы жоғары болуы мүмкін. Жаңа жыл түні қонаққа барудың, серуендеуге шығудың немесе керісінше үйге оралудың ең сәтті уақыты — сағат 2:30-дан бастап сағат 4:00-ге дейін: сұраныс та, сапар құны да төмендейді. 

1 қаңтарда сағат 4:00-ден бастап сағат 9:00-ге дейін барлық адамдар белсенді түрде үйлеріне қайта бастайды. Сондықтан осы уақытта сапар бағасы жоғары болуы мүмкін. Ал көлікті ұзақ күтуге тура келеді.

1 қаңтарда таңертең сапарға тапсырысты сағат 09:00-ден бастап сағат 12:00-ге дейін берген дұрыс. Осы кезде жүргізушілер желіге шыға бастайды. Ал адамдардың көпшілігі осы уақытта мерекені тойлауды аяқтап, үйлеріне жетіп алады. Сағат 12:00-ден кейін көптеген адамдар туыстары мен достарының үйлеріне барады. ондықтан аса тиімді сапарлар үшін көлікке сағат 14:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейін немесе сағат 19:00-ден бастап сағат 22:00-ге дейін тапсырыс берген жақсы.

Лайфхактар: сапарға тағы да ақшаны қалай үнемдеуге болады

  1. Сұраныс индексіне назар аударыңыз

Пайдаланушылардың өз сапарларын жақсы жоспарлай алуы үшін Яндекс Go қолданбасында сұраныс индексі бар — нақты уақыт режимінде сұраныс деңгейін көрсететін арнайы индикатор. Сұраныс индексін қолданбаның негізгі экранының жоғарғы сол жақ бұрышынан табуға болады.

Егер желіде бос машиналар жеткілікті болса, индикатор жасыл түсті болады, ал сапар бағасы әдеттегідей болады. Егер сұраныс жоғары болса, индекс қызғылт сары немесе қызыл түсті болады, ал сапар құны әдеттегіден жоғары болады.

  1. Қолданбада "Біраз жүру" (Пройтись) және "Күту" (Подождать) кеңестерін пайдаланыңыз
    Яндекс Go-да сұраныстың жоғарылау кезеңінде де сапарларға ақша үнемдеуге мүмкіндік беретін кеңестер бар. Мысалы, қолданба көлікті сәл ұзағырақ күтуді немесе кенеттен жолда көлік кептелісі немесе аулаға қиын кіру болса, көлікке отыратын жерге дейін бірнеше минут жүруді ұсынуы мүмкін. Жолаушы үшін мұндай сапар арзанырақ болады. Ал жүргізуші уақытты босқа өткізбейді және жаңа тапсырысқа тезірек бара алады.
  1. "Бірге" (Вместе) тарифін пайдаланыңыз
    Егер сіз оны "Бірге" (Вместе) тарифін таңдап, жолсерікпен бөліссеңіз, сапар арзанырақ түседі.
  1. Көлікке тура емес уақытқа тапсырыс беріңіз
    Егер көлікке тура уақытқа емес, тура уақытқа дейін 5-20 минут бұрын тапсырыс берсеңіз, сұраныс сәл төмен болуы мүмкін. Мысалы, егер сіз үйден сағат 15:00 шамасында шығуды жоспарласаңыз, мұны сағат 14:40-та жасаған дұрыс.

Жаңа жыл сапарларының құны неге байланысты болады?

Барлық сапарлардың бағасы қосылатын тарифтер — 1 шақырым және 1 минуттық жолдың құны — жаңа жыл алдында сервисте өзгермейді. Бірақ сапардың соңғы құнына сұраныс деңгейі мен желідегі бос көліктердің саны да әсер етеді: егер жолаушылардың саны бос жүргізушілерден көп болса, сапарлардың құны әдеттегіден жоғары болуы мүмкін.

Мереке алдындағы күндері адамдар қаланы белсенді аралайды. Көбісі сыйлықтар сатып алуға және жақындарының үйіне қонаққа баруға асығады. Көп адам сапарларға бір мезгілде тапсырыс береді. Сондықтан сұраныс артады. Бұл жағдайда жүргізушілер де мерекеге дайындалады. Ал кейбіреулері желіге кірмеуі мүмкін. Теңгерімсіздікті теңестіру және көбірек жүргізушілерді тарту үшін сервис автоматты түрде бағаны көтеру коэффициентін қосады. Бұл көлік шұғыл қажет адамдарға мүмкіндік беретін уақытша шара. Коэффициент желіге жүргізушілерді көбірек тартады, сондай-ақ олар барлық қалаушы адамдарды сапарлармен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғаннан кейін бағалар қалыпқа келеді.

*Ақпарат ұсынымдық сипатта. Сапардың нақты бағасы мен сұраныс динамикасы әртүрлі болуы мүмкін.

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Желтоқсан, 2024 14:41
Талқылау