WhatsApp-та жақында бейнехабарлама жіберуге болады
WhatsApp мессенджерінде қысқа бейнехабарламалар жіберетін мүмкіндік пайда болады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Wabetainfo сайтына сілтеме жасап.

Жаңалық iOS негізіндегі құрылғыларға арналған мессенджердің бета нұсқасында табылды.
Жаңартылған нұсқа мессенджер пайдаланушыларына бір минутқа дейінгі қысқа бейнехабарламаларды жіберуге мүмкіндік береді. Әзірге жаңарту барлық пайдаланушыларға қолжетімді емес және сынақ режимінде қолданылады.
Хабарламалар шифрлау арқылы қорғалады, яғни ешкім, соның ішінде WhatsApp қызметкерлері ақпаратқа қол жеткізе алмайды.
Алайда қашан барлығына бірдей қолжетімді болатыны әлі хабарланбаған.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі