WBC белбеуі үшін талас: Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді
Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіби боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBC белбеуін иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу Германияның Гамбург қаласында өтті. 10 раундқа жоспарланған кездесу толығымен өтпеді. Төртінші раунда Кособуцкий қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Кособуцкий WBC International Silver белбеуінің иегері атанды. Ол бұған дейін WBA International белбеуін жеңген еді.
Бұл отандасымыздың 2021 жылдағы үшінші кездесуі болды. Кәсіби рингтегі он жеті жекпе-жектің он алтысын нокаутпен жеңген.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық