Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оның аузын жапқысы келеді": "Время" басылымы журналист Михаил Козачковтың ұсталуына орай мәлімдеме жасады

Бұған дейін ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектескен деген күдікпен журналист Михаил Козачков ұсталғаны туралы хабар тараған еді. Осыған орай “Время” газетінің редакциясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Время” газетінің редакциясы қаржы мониторингі агенттігі таратқан журналист Михаил Козачковты ұстау фактісі бойынша ресми ақпаратқа сүйене отырып, әзірге бір ғана қорытынды жасауға болатыны айтады. Мәлімдемеде "Время" газетінің арнайы тілшісі БАҚ-та және өзінің kozachkov offside жеке телеграм каналында бірқатар жазба жариялағаны үшін әдейі ұсталып отырғаны жазылған. 

Михаил мемлекеттік басқару жүйесіндегі және күш құрылымдарындағы сыбайлас жемқорлық туралы көптеген материалдар жазды. Соңғы күндері оның жазбаларында Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағасының жұмысы, Бас прокуратураның кадрлық саясаты, қаржылық мониторинг тергеушілерінің көптеген былықтары сынға алынды.

Бірақ қандай да бір себептермен қылмыстық істер бұл жазбалар бойынша емес, қаржы мониторингі таратқан мәліметте,  журналисттің “бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның талаптарын өрескел бұзғаны, тіпті кейбір жағдайларда оның көрінеу жалған мәліметтерді, сондай-ақ банктік, отбасылық және басқа да заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді таратқаны айтылған. Дегенмен де ескі Қазақстанда да, жаңа Қазақстанда да әлі бірде-бір журналист ұсталған жоқ еді!

Бұл ретте Михаилға соттың шешімінсіз “қылмыстық ұйымдасқан топқа көмектескені үшін 52 миллион теңге алғаны және белгілі бір мемлекеттік құпияларды жария еткені үшін” дәлелденбеген айыптар тағып отыр. Алайда, бұл бірінші рет емес. Бізде тіпті вице-министрлер қамауға алынып, миллиардтаған ақша алды деп айыпталып, осы миллиардтарды қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері өз сюжеттерінде көрсетті. Алайда кейінірек олардың мүлдем басқа қылмыстық істердің жедел түсірілімдерін видеоға түсіргені анықталып жатады. Әдеттегідей, қауіпсіздік күштері бұндай жағдайлар алаңдатпайды”, – делінген мәлімдемеде. 

Редакцияның мәлімдеуінше, есесіне қаржылық мониторингі агенттігі қызметкерлері Козачковтың жасады деген "қылмыстарының" бейнежазбасын өте тез дайындай алған.

Олар детективтік фильмінде "әшкереленген фактілер" ретінде "Время" газетінің сайтындағы мақалалардың скриншоттары мен Михаилдің кафеде біреумен отырған фотосуретін қосқан. Осы тұста айта кетсек, Михаил көптен бері желідегі жазбалары мен сұхбаттарында бірнеше рет өзін аңдып жүргенін мәлімдеген еді. 

Оның әріптестері мен оқырмандарының көпшілігін тергеу жариялаған дәлелдемелер сендіре алмады. Қаржылық мониторингі сілтеме жасаған мақалалар прокуратура мен полиция тексерген материалдар бойынша дайындалған. Михаил ешқашан басылымға расталмаған ақпаратты ұсынбаған, оны баспа алдында редакциялық заң қызметі мұқият тексереді. Әйтпесе, Михаилдің жазбаларына арқау болған “кейіпкерлер” сот процестерімен әлдеқашан редакцияға жүгінетін еді. Ол берген ақпараттарда ешқандай мемлекеттік құпия жоқ.

Егер мемлекеттік құпиялар Михаилдың басқа да жазбаларында болса, онда құқық қорғау органдары баяғыда оларды сайттан алып тастауды талап етер еді. Олар мемлекеттік құпияларды одан әрі таратуға жол бермес еді ғой? Бірақ бірде-бір арнайы қызмет мұндай өтініштерді редакцияға жіберген жоқ”, – дейді олар. 

Сондай-ақ БАҚ хабарламасында ресторатор Әбдіғаппаровтың мәлімдемесінде айтылған мақалалар сот үкімі шығарылған және сот Әбдіғаппаровты қылмыскер деп таныған нақты сот процесіне қатысты екені айтылған. “Козачков емес, соттың өзі мойындап отыр!” дейді “Время” редакциясы. 

“Редакция Михаилге білікті заңгерлік көмек көрсету үшін өз өкілдерін жіберді. Осы кезде Козачковтың ұсталып, Алматы бойынша экономикалық тергеу департаментіне куәлік беру үшін жеткізілгені белгілі болды. Бүгінде оның үйінде тінту жұмыстары жүргізілуде. Михаилдің адвокаты да, әйелінің қорғаушысы да оның пәтерінде жүргізілген тергеу әрекеттеріне жіберілмеген.

Редакция, басқа басылымдардағы Михаилдің көптеген әріптестері секілді, кәсіби қызметі үшін қуғын-сүргінге тап болған журналистті босатудың барлық мүмкін жолдарын іздейді. Жасыратыны жоқ, Михаилдің жазбалары көптеген жоғары лауазымды шенеуніктер мен қауіпсіздік қызметкерлерінің бесінші нүтесіне тікендей қадалса керек. Осылайша олар Козачковты аузын біраз уақытқа жауып қоймақшы. Бірақ олар қанша ынталы болса да мұны істей алмайды. 

Біздің құқық қорғау органдары тіпті ұсталған күні де қылмыстық іс Козачковтың көзін жоюға арналған жай ғана сылтау екенін жасыра алмады. Мысалы, Михаил ұсталған уақытта оның пәтерінде өзінің адвокатынсыз және жұбайының қорғаушыларынсыз тінту жүргізілді. Адвокат Анна Веретельникова бірнеше сағат бойы пәтерге кіруге тырысты. Одан бөлек, арнайы прокурорға шағымданды. Әрине, оның шағымына ешкім жауап берген жоқ. Кек алған уақытта олар тіпті заңды туралы есіне алғысы келмейді. Қазіргі таңда халықаралық журналистік ұйымдарға да болған оқиға туралы хабардар етілді”, – делінген мәлімдемеде. 

Еске сала кетсек, 18 желтоқсанда ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектескен деген күдікпен журналист Михаил Козачков ұсталған болатын. 

Талқылау