Volkswagen компаниясы 88 жыл ішінде алғаш рет Германиядағы зауытын жабатын болды

Неміс автоөндірушісі Volkswagen Дрезденде орналасқан зауытында өндірісті толығымен тоқтатты. Соңғы көлік 16 желтоқсанда зауыттың конвейерінен шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл Volkswagen компаниясының 88 жылдық тарихында алғаш рет болған жағдай. Себебі зауыт өндірісін осы күнге дейін мүлде тоқтатпаған. Өндірісті тоқтатуға қаржылық жағдай себеп болған. Енді компания шығындарды азайтып, операциялық тиімділікті арттыру жұмыстарына көңіл бөлмек.
Financial Times мәліметінше, автокөлік өндірушіге негізгі нарық көздерінен, яғни Қытай мен Еуропа тарапынан сұраныстар азайған. Онымен қоса, АҚШ-тағы сауда баждарына байланысты қосымша шектеулерге тап болған.
Volkswagen көліктері Өзбекстанда шығарыла бастайды
Volkswagen қызметкерлері жалақының және жұмыс орындарының қысқаруына байланысты ереуілге шықты
Дрездендегі зауыт 2002 жылы концерннің технологиялық амбициясын айқындайтын витриналық жоба ретінде ашылған. Алайда 20 жылдан астам уақыт ішінде мұнда небәрі 200 мыңға жетпейтін автокөлік шығарылған. Мұнда Phaeton седанынан бастап ID.3 электркөлігіне дейін өндірілген. Салыстырмалы түрде, бұл көрсеткіш Volfsburg-тағы Volkswagen негізгі зауытының жылдық өндіріс көлемінің жартысынан аз.
Компания басшылығының мәліметінше, бұл шешім жеңіл қабылданбады. Желтоқсан айының басында Volkswagen компаниясының бас директоры Томас Шафер компания жабылудың аз-ақ алдында тұрғанын айтты. Дрезден зауыты жұмысының тоқтатылуы кәсіподақтармен жасалған келісімдердің бір бөлігі ғана. Бұл келісімдер аясында концерннің Германиядағы бөлімшесінде шамамен 35 мың жұмыс орны қысқартылуы мүмкін.
Өндіріс аяқталған соң Volkswagen өз аумағын Дрезден технологиялық университетіне жалға беруді көздеп отыр. Зауыт жасанды интеллект, робототехника және микроэлектроника саласындағы зерттеулерге бағытталған кампус құру үшін қолданылмақ.
Жобаға салынған жалпы инвестиция жеті жыл ішінде 50 миллион еуроға (30 447 000 000 теңге) бағаланады.
Айта кетейік, бұған дейін Авто нарықты бақылау және талдау агенттігінің директоры Артур Мискарян соңғы жылдары Қазақстандағы Volkswagen автокөліктерінің сатылымы күрт төмендегенін жеткізгені туралы жазған едік.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері