Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмек

Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дипломат Алексей Бородавкин 2026 жылғы 10 ақпанда “Россия 24” телеарнасына берген сқхбатында айтты.
“Биыл біздің президенттің Қазақстанға жауап сапары жоспарланып отыр. Әзірге нақты күндері белгісіз, бірақ бұл сапардың болатыны анық. Менің ойымша, біздің басшыларға есеп беретін бірнеше мәселеміз болады”, – деді Алексей Бородавкин.
Елші атап өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық барлық салаларда дамып келеді, оның ішінде білім беру, мәдениет және әскери сала да бар.
“Шынымен де, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарының нәтижесінде жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды. Бұл одақтасдық тек саяси мәлімдемелермен шектелмей, біздің одақтық қатынастарымыз бен интеграциялық байланыстарымыздың барлық бағыттары бойынша нақты практикалық мәнге ие”, – деді Алексей Бородавкин.
- Ильхам Әлиев Санкт-Петербургтегі ТМД саммитіне шақырған Путиннің ұсынысынан бас тартты
- Путин Кремльде Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдады (видео)
2025 жылғы 11-12 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары өтті. Сапар ресми емес кездесуінен басталды, онда Қазақстан мен Ресей президенттері 2,5 сағаттан астам уақыт әңгімелесті. Кейін екі мемлекет басшысы келіссөз жүргізіп, нәтижесінде құжаттарға қол қойылды.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге боспасалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты