"Вискиге 32 мың төлеуді талап етті": Желі қолданушысы ішімдік бермесе сахнаға шықпайтынын айтқан Төреғали Төреәлінің әрекетіне шағымданды
Фото: www.threads.com/@makulova_symbat
Threads қолданушысы Сымбат Мақұлова есімді ару тойға Төреғали Төреәліні шақырып, бірақ әртістің әрекетінен көңілі қалғанын жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушысы әкесінің тойына әншінің мас болып келгенін жайып салды.
“Әкемнің 55 жасына Төреғали Төреәліні шақырдық. Өйткені әкемнің қатарластары Төреғалидың әндерін тыңдайды. Керемет көңіл-күй сыйлайды деп ойладық. Бірақ ол ішімдік ішіп келді. Негізі той халал болған. Тіпті жарты күн ерте келіп, ұйымдастырушылардан вискиге 32 мың төлеуді талап етті. 8 рет всикиге тапсырыс берген. Талабын орындамасақ, сахнаға шықпайтынын айтты. Бір кезде фонограммамен ән айтып, кетіп қалды”, – деп жазды бейтаныс ару.
-
"Ағам жайлы ауыр сөз айтты": Фариза Төреәлі келеңсіз жағдайға тап болғанын жеткізді
-
"Дұғада болыңыздар!": Төреғали Төреәлінің әкесі мәлімдеме жасады
Жазбаның астына көпшілік екі түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі Төреғалиды қолдаса, енді бірі тойға әнші шақырмауға кеңес берді.
“Тойға әнші шақырып керек емес”, “55 жастан асқандар Төреғали мен Қайратты ғана тыңдайды”, “Ол ішімдікті стрестен шығу үшін ішеді”, “Қатты ұят болған екен”, “Төреғали жоғалып кетіп еді, қайтадан оралыпты”, “Түркиядан емделіп келді”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Төреғали Төреәлінің еліміздегі біраз концерті өтпей қалған еді.

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
