"Көптеген елдерде әйелдер кәсіпкерлікті кәсіби және қаржылық тәуелсіздікке жетудің жолы ретінде жиі таңдайды. Дегенмен, зерттеулерге сәйкес, бизнесті бастауда түрлі кедергілер кездесуі мүмкін. Олардың қатарында – сәтсіздікке ұшырау және қаржылық жағдайдың нашарлау қаупі, жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті жоғалтып алу қорқынышы, сондай-ақ капитал тартудағы қиындықтар бар. Сонымен қатар, қыз-келіншектер бизнестің тұрақты дамуы үшін қажетті практикалық білім мен құзыреттердің жетіспейтінін жиі айтады", – деді спикер.
Сондай-ақ ол Visa компаниясы Қазақстан мен Орталық Азияда әйелдер кәсіпкерлігінің өсуі мен дамуын жүйелі қолдайтынын атап өтті. Компания кәсіпкер әйелдерге арналған құралдар, ресурстар мен мүмкіндіктер ұсынады. Visa өкілдері әйелдердің экономикаға белсенді қатысуы оның табысты әрі тұрақты дамуының маңызды факторы екенін ерекше атап өтті.

Осындай қолдаудың бір мысалы – She’s Next, Empowered by Visa жаһандық бастамасы. Бағдарлама білім беру модульдерін, сарапшылардың қолдауын және гранттық қаржыландыруды біріктіріп, әйелдерге өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға және қолданыстағы жобаларын дамытуға көмектеседі.
“Қазақстанда бұл бастама үшінші жыл қатарынан Halyk Bank серіктестігімен жүзеге асырылып келеді. Төрт кезеңнің нәтижесінде бағдарламаға Орталық Азиядан 40 мыңнан астам әйел қосылды. Олар білімге, менторлық қолдауға және кәсіби қауымдастыққа қол жеткізді. Бұл – тәжірибе алмасуға, серіктестер табуға, кері байланыс алуға және пікірлес жандардың қолдауын сезінуге мүмкіндік беретін орта. Өткен жылы төртінші кезең аясында еліміздің барлық өңірінен шамамен екі мың бизнес-жоспар келіп түсті. Соның ішінде жеті жеңімпаз грантқа ие болып, банктің жеңілдетілген қаржыландыруы арқылы бизнесін кеңейте алды”, – деді Қуаныш Танкиев.
Visa компаниясы кәсіпкерлікті қолдау тек бағдарламалар мен құралдармен шектелмейтінін атап өтті. Сондай-ақ бұл – кәсіби қауымдастық қалыптастыру. Women in Business сияқты алаңдар тиімді диалог құруға, тәжірибе алмасуға және сенімді серіктестер табуға мүмкіндік береді.
Спикер сөз соңында микро, шағын және орта кәсіпорындар үшін тек қаржыға қол жеткізу жеткіліксіз екенін атап өтті. Ең маңыздысы – қаржыны басқарудың ашық жүйесін қалыптастыру: тәулік бойы шығындарды бақылау, жеке және бизнес операцияларын бөлу, шығын құрылымын айқын көру және әкімшілік рәсімдерге кететін уақытты қысқарту.
Бұл міндеттерді шешуге Visa-ның бизнес карталары көмектеседі. Бұл карта арқылы кәсіпорынның есепшотын тікелей қолдануға болады, сондай-ақ қаражатты икемді бақылау мүмкіндігін, ШОБ үшін жаһандық және жергілікті ұсыныстар пакетін ұсынады.
Соңғы жаңалықтардың бірі ретінде ол автопаркі бар компанияларға арналған Visa Fleet жанармай карталарын атап өтті. Бұл карталар компанияларға жанармай шығындарын және көлікке қызмет көрсету мен жүргізуші қажеттіліктеріне байланысты өзге де шығындарды орталықтандырылған негізде басқаруға мүмкіндік береді.
